RU
Альпинизм федерациясы тауда жоғалып кеткендерді табу мүмкіндігі жоғын айтты

Альпинизм федерациясы тауда жоғалып кеткендерді табу мүмкіндігі жоғын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматы альпинизм федерациясы мен Қазақстанның альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясы Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді табу мүмкіндігі жоқ деп санайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы федерация Facebook желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

Хабарламада федерация хабар-ошарсыз кеткен альпинистерді іздеуді мұқият қадағалап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, федерацияның бас хатшысы іздеу жұмыстарына жеке қатысып жатқаны белгілі болды.

"Біз Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті табуға мүмкіндіктің болмағаны үшін өкінеміз, соған қарамастан, қазақстандық тарап ертең тағы бір бақылау рейсін жасайды. Содан кейін іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады. Альпинистердің туыстары мен достарына көңіл айтамыз", - деп жазды федерация.

Еске сала кетсек, күні кеше Іле Алатауының қырғыз жағында алматылық екі альпинистің із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.

Ал олардың жанында болған үшінші альпинистің қайтыс болғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel