RU
Алматыда 60-тағы азамат 12 жастағы қызды зорлады деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 60-тағы азамат 12 жастағы қызды зорлады деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Алматыда 60-тағы азамат 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Оқиға биыл наурыз айында болғанымен, жеткіншектің анасы арыз тастауға енді ғана бел буыпты. Күдікті келіншектің көңіл қосқан азаматы болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Жасөспірім қыздың айтуынша, анасының өтінішімен ақша алуға барған оны алпыстағы азамат алдап, артынша қонақ үйдің тар төсегінде қинаған.

"Қонақ үйге апарып, маған тиісті. "Тыныш жат, үндеме" деді. "Егер айтсаң, жаман болады. Шешең мен апаңды өлтіріп кетемін" деді. Бірақ келесі күні анама айттым", - дейді ол.

Сұмдық жайтты анасы естігенімен, ел-жұрттан ұят болады деген оймен ешкімге тіс жармаған. Ал алпыстағы көңілдесі емін-еркін жүре беріпті.

"Қызымның айтуы бойынша, көзілдірік таққызған, үстіне күртеше кигізген. Сөйтіп, қонақ үйге апарады, өзі шешіндіреді. Солай болған. Мойындамайды, неше айдан бері менен қашқақтап жүр", - дейді жәбірленушінің анасы.

Полиция департаменті түскен арыз бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалып, басқа сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Қазір тергеу болып жатыр. Жүйелі түрде барлық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, бұл іс бойынша процессуалдық шешім қабыланады", - деді Алматы қаласының ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Телеарнаның мәліметінше, азғындыққа барды делінген адам әзірге бостандықта жүр.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
2
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel