RU
Алматыда бойжеткеннің өліміне кінәлі деген күдікпен пластикалық хирург қамауға алынды

Алматыда бойжеткеннің өліміне кінәлі деген күдікпен пластикалық хирург қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін бір әйелдің өліміне себепкер болды деп айыпталған Дмитрий Писарев ақыры қамауға алынды. Сот кінәлі деп тапса да, жазадан құтылған пластикалық хирург екінші адамның өліміне кінәлі деп күдіктелуде. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Дмитрий Писарев. Фото: ehonews.kz

Дмитрий Писарев. Фото: ehonews.kz

Телеарнаның мәліметінше, төсін тартқызғысы келген "Эйр Астана" бортсерігі Лаура Ізбасарованың өлімінен соң дәрігер біржолата лицензиясынан айырылған екен. Соған қарамастан, Писарев бүгінгі күнге дейін шымкенттік қыз-келіншектерге ота жасап жүріпті.

Әуе компаниясының алты тілде сөйлейтін белді қызметкері өткен жылы қазанда ота кезінде көз жұмған. Содан бері әділдік іздеген анасының бармаған жері жоқ.

"Еш нәрсе болған жоқ. Маған тергеуші де жоқ. Еш нәрсе деген жоқ. Яғни тергеу болған жоқ. Менің сұрайтыным, тек заңды түрде жазасын алсын. Ол қаншама адамның өмірін қияды. Мен ұқсаған аналар жылап қалмасын деп шырылдап жүрмін", - дейді Лаураның анасы.

Телеарнаның хабаралауынша, "Эйр Астана" бортсерігінің өлімінен соң хирургқа тергеу аяқталғанша қаладан кетуіне тыйым салынған. Соған қарамастан Дмитрий Писарев Шымкент асып, ісін сонда жалғастырған. Тіпті, шетелде демалып қайтыпты.

Шымкенттік қыз-келіншектердің қас-көзін түзеген хирург суреттері оңды-солды әлеуметтік желіде салып жүр. Соңғы отасын небәрі бес күн бұрын жасаған екен. Дәрігерді тергеушілер ақыры Алматыға қайтарған.

"Аталмыш дәрігер қамауға алынған болатын. Сот алды тергеу барысында ол бұлтратпау шарасы ретінде қамалды. Алғашында ол екі айға қамалады. Содан соң ұзартылуы мүмкін", - дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, Дмитрий Писарев 2016 жылы Дана Агамурадованың өліміне себепкер болды деп айыпталған. Алайда, кінәсін мойындамаған дәрігер жазадан босатылған еді. 2018 жылы Писарев омырауына ота жасаған тағы бір бойжеткен қайтыс болды.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel