RU
Шымкентте белгісіз біреулер шетелдік велосаяхатшыны сабап, артынша тонап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте белгісіз біреулер шетелдік велосаяхатшыны сабап, артынша тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте белгісіз біреулер Украинадан келген велосаяхатшыны соққыға жығып, соданке кейін тонап кеткен. Медициналық алғашқы көмек алған ер адам қазір шатырында жатыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Владимир Глагузов. Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы

Владимир Глагузов. Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы

Владимир Галигузов шатырда ұйықтап жатқан өзіне белгісіз үшеу тап бергенін айтады.

Бұзақылар шетелдік азаматты соққыға жығып, бір мың долларын, азын-аулақ теңгесі мен керек-жарағы салынған сөмкесін алып кеткен.

Жыл сайын шайтанарбамен жер шарын аралап шығатын саяхатшы қарақшыларға бірінші рет кезіктім деп отыр.

"Мен ну орманда да, су астындағы үңгірлерде де болдым. Араламаған жерім жоқ. Саяхаттап, бәрін көргім келеді. Ал мұндай сорақылық өмірімде бірінші рет болып тұр. Олар маған әдейі, тонау мақсатымен шабуылдағаны анық", - деді ол.

Саяхатшыны сабап, тонап кеткендерді қазір полиция іздестіруде. Ер адамға жергілікті қайырымды жандар көмектесіп жүр. Олар күнделікті тамағы мен дәрісін әкеліп береді.

"Қазір аз-маз ақша жиып, оған велосипедіне қажет құрал-саймандарын, дәрі-дәрмегін түгендеп бермекшіміз. Ол өзі ұяңдау адам не керегін де айта қоймайды", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Георг Киселев.

А. Төребекқызы

Сіздің реакцияңыз
10
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel