RU
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімет жарияланды

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімет жарияланды

Рассказать Вконтакте

Matchroom британиялық промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы, олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі туралы ресми хабар таратты. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Компанияның Twitter желісінде жариялаған мәліметіне сүйенсек, отандасымыздың келесі қарсыласы ешқашан жеңілмеген 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс.

Кездесу 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather кіші залында өтпек.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған және жартылай орташа салмақ лимиті форматында өтеді деп күтілуде.

Елеусінов-Хикс кездесуі америкалық Девин Хейни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың жеңіл салмақта WBC титулына міндетті үміткер болу құқығы үшін бақ сынайтын кешінің бір бөлігі болмақ.

АҚШ-та шоуды DAZN стримингті қызметі тікелей эфирде көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel