Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшілікке "Моя прекрасная няня" фильмі арқылы таныс танымал актриса көз жұмды

Опубликовано:

Ресейлік танымал актриса Александра Назарова дүниеден озды. Халық әртісі 80 жасқа келгенде өмірден өткен. Бұл туралы Назарова ұзақ жылдар еңбек еткен Ермолова атындағы театрда хабарлады деп жазады РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Александра Назарова. Фото: ugorizont.ru
Александра Назарова. Фото: ugorizont.ru: Facebook

Әзірге халық әртісімен қоштасу қай жерде және қашан өтетінін белгісіз. М. Ерломова атындағы театрдың көркем жетекшісінің орынбасары Галина Боголюбова актриса соңғы уақытта өкпесіндегі мәселелерге байланысты емдеу курсын өтіп жүргенін айтты.

Александар Назарова 1940 жылы 17 шілдеде Ленинград қаласында дүниеге келіп, 1961 жылы Островский атындағы Лениндград театр институтының түлегі атанған.

Диплом алған соң қызметін Орталық балалар театрында бастаған. Алайда бірнеше жылдан кейін жұмыстан шығып кетеді.

1965 жылы Назарова Ерломова атындағы театрға тыңдалымға келіп, бірден труппаға қабылданады.

Өз актерлік мансабында ол "Сотворившая чудо" спектаклінде Элен Келлер, "Лунная соната" спектаклінде Костик, "Бал воров" спектаклінде Жульетта , "Завтра в семь" спектаклінде дәрігер Тания рөлдерін сомдаған.

Фильмдер түсіріліміне де белсене атсалысқан Назарова 1960 жылдан бастап 80 рөлде ойнаған.

Актрисаға "Моя прекрасная няня" фильмі көп танымалдылық әкелді деуге болады.

Одан бөлек, марқұм шетелдік фильмдердің кейіпкерлеріне өз даусын сыйлаған.

Ол дыбыстаған картиналар қатарында "Сорвиголова", "Матрица. Перезагрузка", "Плохой Санта", "Гарри Поттер и Орден Феникса", "Гарри Поттер и дары смерти. Часть 1", "Интерстеллар", "Безумный Макс. Дорога ярости" туындылары бар.

Назарова халық әртісі атағын 2010 жылы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812100-resejlik-tanymal-aktrisa-kz-zmdy/

pixel