RU
Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы қалай өтті?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы қалай өтті?

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. KAZ.NUR.KZ жиынның мәтіндік трансляциясын жүргізеді.

Отырыс аяқталды

Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы аяқталды.

Назарбаев Nur Otan партиясының жаңа ұранын айтты

"Біздің форма, стиль-кабинеттегі отырыстар. Шенеуніктік дресс-кодты тоқтату керек. Партияның қарапайым мүшелерінің мүдделерін қорғау қажет. Партияның басты ұранын "Халыққа жақын болу" дейік", -деді партия лидері.

Назарбаев билікке қатысты айтылатын сындарға қатысты пікір білдірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билікке қатысты сын мен "тұрақсыз шерулер", сондай-ақ демонстрациялар туралы айтты. Ол Еуропадағы демократия деңгейіне жету үшін алдымен қоғам дамуы қажеттігін алға тартты.

"Біздегі кейбіреулер айғайлап айтқан Еуропадағы демократия болу үшін дамыған қоғам қажет. Экономика алда, себебі мемлекетте халықтың 50 пайызы шағын және орта бизнеспен өмір сүріп жатыр, жоғалтатын нәрсе бар.
Олар мемлекеттің табысы үшін. Бізде ол жоқ-біз әлі 30 пайызға жетпедік. Орташа санаттағы адамдарда өз үйлері, көліктері, жұмысы мен өздерін ұстап тұрған кірістері бар. Біз осы деңгейге жетуіміз керек",- деді Елбасы.

Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшісі ретінде ұсынуды айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулинді Мәжілістегі Nur Otan фракциясының жетекшісі ретінде ұсынуды айтты.

Назарбаев: Шымкентте партияның туын жұлып алғанда ешкім үндемеді

Нұрсұлтан Назарбаев партия қатарындағы белсенді адамдарды алға жылжыту керек екенін мәлімдеді. Елбасы Шымкентте партия туын жұлған кезде ешкім үндемегенін мысалға келтірді.

"Содан кейін қалпына келтіруге тура келді. Міне, бұл қай жерден көрінеді. Ал біз, партия мүшелері, біз, Nur Otan бір нәрседен үрейленетіндей тыныш отырамыз. Біз-биліктің партиясымыз", - деді Назарбаев.

Назарбаев: Барлық сайлау конституциялық мерзімде өтеді

"Барлық сайлау конституциялық мерзімде өтеді. Қазір Үкімет пен атқарушы билік сайланған президент Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолға алуы тиіс. Міне, біздің партия осыған бағытталуы қажет", - деді Елбасы.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мамин: Үкімет пен Nut Otan партиясының өзара іс-қимылының жаңа форматтары енгізіледі

Премьер-министр Асқар Мамин "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия жұмысының қайта реттелуіне байланысты Үкімет пен партияның өзара іс-қимылының жаңа форматтары енгізілетінін хабарлады.

Назарбаев отырысты ашты

Нұрсұлтан Назарбаев отырысты ашып, күн тәртібін баяндады.

"Бүгін біз Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізіп отырмыз. Халық жұмысымыздың нәтижесін көріп отыр, тәуелсіздік жылдарында қабылданған шешімдер, заңдар мен атқарылған істер-барлығы біздің партияның қатысуымен жүзеге асты.
Жаңа саяси жағдайларда партияның рөлі айтарлықтай артады. Бүгін біздің кеңейтілген отырыста партия алдында тұрған міндеттерді талқылап, алдағы қадамдарымызды белгілеуді ұсынамын", - деді Елбасы.

Жалпы, ол үш мәселені талқылауды ұсынды:

1. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы және съездер шешімдерінің орындалуы туралы;

2. Партиялық қайта реттеудің негізгі бағыттары туралы;

3. Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тоқаев пен Назарбаев келді

Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырысқа келді.

Елбасының қасында Назарбаева, Байбек және Мамин отыр

Елбасы мен президент бастаған үлкен үстелде Мәулен Әшімбаев, Әсет Исекешев, Дариға Назарбаева мен Бауыржан Байбек, сондай-ақ, Асқар Мамин мен Нұрлан Нығматулин отыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Отырысқа кімдер қатысып жатыр

Отырысқа үкімет мүшелері, президент әкімшілігі, депутаттар мен әкімдер, сондай-ақ, ұлттық компаниялар қатысып жатыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel