RU
"Биылдан қалдым": Ерке Есмахан тұрмысқа шығып үлгермегеніне өкініш білдірді

"Биылдан қалдым": Ерке Есмахан тұрмысқа шығып үлгермегеніне өкініш білдірді

Рассказать Вконтакте

Ерке Есмахан жеке өмірі үшін алаңдап жүргенін көпшіліктен жасырмады. Әнші Instagram парақшасында биылғы жылы да тұрмысқа шығуға үлгермегенін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Негізі уақыт зымырап жатыр, иә? Ойлап көріңіздерші, әне-міне дегенше, жаз бітіп қалды. Шамалы уақыттан соң қалың киініп-ап, сықырлатып қар басып, жаңа жылға дайындалып жүреміз!
Сөйтіп "2020-шы жыл келді" деп, жаңа президентіміз Тоқаевтың тілегін тыңдап теледидардың алдында отырамыз.
Бәрі жақсы ғой, бірақ биылдан қалдым мен. Ең болмаса, келесі жылы отырып қалмасам болар еді. "Отырған Ерке орнын табар" деп өз-өзімді жұбатып қояйын", - деп жазды әнші парақшасында.

Ал желі қолданушылары әншінің міндетті түрде бақытын жолықтыратынына сенімді екендерін жеткізді.

"Бұйырса, келесі жылы тұрмысқа шығасыз", "Алла екінші жартыңызды жолықтырсын", "Бақытты боласыз әлі-ақ", "Әрбір қыз бақытты болуға лайықты", "Басыңды бағалайтын, өзіңді алақанда аялайтын жар кездессін" деп желідегілер тілектестіктерін білдірген.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel