RU
Елбасы: Шымкентте партияның жалауы жұлынды – ешкім үнін де шығармады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы: Шымкентте партияның жалауы жұлынды – ешкім үнін де шығармады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия қатарында белсенді мүшелер санын арттыру қажеттілігін баса айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Нығматулинді Nur Otan фракциясының жетекшісі лауазымына ұсынды>>

Назарбаев кезектен тыс сайлауға қатысты сыбысқа жауап берді>>

Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды>>

Назарбаев шенеуніктерге БАҚ редакторларына қысым көрсетуге тыйым салды>>

"Nur Otan партиясында белсенді мүшелерді көбейту керек. Оларды "ядролық" деп атайды. "Ядролық" дегенді кез келген адам түсіне бермейді, "ядролық бомба" деп ойлап қалуы мүмкін. "Ядролық" - бұл үйде отырмайтын, көшеге шығып әділдікті дәлелдейтін белсенді мүшелер", - деді Елбасы.

Ол сондай-ақ Шымкентте партия жалауының жұлынуын мысал ретінде келтіріп өтті.

"Партиямыздың 800 мың немесе 1 миллион мүшесі бар – олардың қайсысы белсенді? Шымкентте орталық ғимараттағы партияның жалауы жұлынды – ешкім үнін де шығарған жоқ, барлығы отыра берді.
Партия қайда болды сол кезде? Кейіннен ғана қалпына келтірілді – міне белсенділік қай кезде білінеді. Ал біз, партия мүшелері – бірдеңеден қорқатын сияқты тып-тыныш отырмыз. Біз – биліктің партиясымыз", – деді Назарбаев.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel