RU
Назарбаев шенеуніктерге БАҚ редакторларына қысым көрсетуге тыйым салды
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев шенеуніктерге БАҚ редакторларына қысым көрсетуге тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жала жабу үшін жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz

"Бүгінде шындықты бұрмалайтын жаңа медианың саны өсуде, арналардың саны өсуде. Жай әншейін қайдағы бір сауалнамаларды лақтырады да – шындыққа сай келе ме, жоқ па біліп алыңдар дейді.

Кейін партияның толық медиатобы, телевизиялық арнасы, газеттері – аузын жауып отырады. Біздің орталық ақпараттық арналар да аузын ашпайды. Қорқамыз", - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыздар:

Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр>>

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты>>

Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды>>

Осы орайда, ол өзі президент кезінде партияның жұмысын оң баяндау үшін ақша сұраған редакторларды жазалағанын есіне алды.

"Келіп: "сен маған ақша төле, әйтпесе, сен туралы жаман мақала жазамын" деп мәжбүрлейтін.

Әкімдер осы үшін ақша төледі. Қазір телефонмен редакторларды қорқытады.

Ал қазір егер сен бірдеңе жазсаң, біреу арқылы сені жұмыстан шығарамын деген пайда болды. Егер осындай жағдай тіркелсе, қандай лауазымда болса да, жұмыстан шығарамыз. Кім болса, ол болсын", - деді Елбасы.

"Қалайша? Керісінше, қазір кез келген кішкентай мәселе республикалық көлемде көтеріледі. Интернеттің көмегі тиюде. Бірақ, ешкім жауап бермейді", - деп қосты ол.

Назарбаев осыған байланысты жала жапқаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында заң қабылдау бастамасын көтеру керектігін айтты.

"Ешкім ешкімге бізде жасалып жүргендей, істі абсурдқа дейін жеткізу құқығын берген жоқ. Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады. Дәурен Абаев (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі - ред.) осы мәселе бойынша ойланып, нақты жұмыс жүргізуі керек.

Телефондық құқық жұмыс істемеуі керек. Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыни материалдардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады.

Nur Otan өз стратегияларын қайта қарауы керек. Дархан (Калетаев - ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - ред.), - сен әрдайым кешке отырып, көретін едің ғой, не өзгерді?
Бәрі мемлекеттің қолында, партияда жақсы медиалар бар. Егер жұмыс істемесеңдер, олар сыйламайтын болады.
Nur Otan өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, адамдардың сенімін тудыруы керек" , - деді Тұңғыш президент.
"Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жасау керек. Ең талантты адамдарды тартып, оларға сай жалақы төлеу керек", - деп түйіндеді Елбасы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel