RU
"Көңілі жас": Бидің түбін түсірген қарт кісіге көпшілік сүйсінді
Жаңалықтар Қоғам

"Көңілі жас": Бидің түбін түсірген қарт кісіге көпшілік сүйсінді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде егде жастағы кісінің әйел адаммен билеген сәті тарап, көпшіліктің көңілін көтерді. Желі оқырмандары ер адамның "әдемі қартайып" жатқанын айтып, оның биіне жоғары бағасын берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видеоны әнші Әбжаппар Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Менің 72 жас, 9 айлық вариантым-ау шамасы. Атам мықты", - деп әзілдеді роликтің жазбасында әртіс.

Кадрдан тақия киген қарт кісінің әйел адаммен билегенін, оның іс-қимылын қонақтардың видеоға түсіріп жатқанын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "Әдемі қартайып жатыр", "Атамның биі өзіне жарасып тұр", "Атам жақсы билейді екен", "Қартайғысы келмейтін сияқты", "Өзіне жарасып тұр" деген пікірлерін қалдырды.

Арасында қарт кісінің биі жасына сай келмейтінін айтып, сынағандар да табылды.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
0
6
27
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel