RU
"Ол өсті": Нұрсұлтан Назарбаев Көлгіновтің мансабы жайлы сөз қозғады

"Ол өсті": Нұрсұлтан Назарбаев Көлгіновтің мансабы жайлы сөз қозғады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс пен мәслихат депутаттарының арасында жастар көп болуы тиіс деп мәлімдеді. Ол кезінде өзі жас маман ретінде лауазымды қызметке тағайындап, кейін Нұр-Сұлтан әкімі атанған "болашақтық" Алтай Көлгіновты жеке атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Нығматулинді Nur Otan фракциясының жетекшісі лауазымына ұсынды>>>

Назарбаев кезектен тыс сайлауға қатысты сыбысқа жауап берді>>>

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты>>>

"Мемлекет өз есебінен жіберген 10 мыңнан астам адамды біріктіретін "Болашақ" қауымдастығында өзара әрекеттесудің үлкен әлеуеті бар. Қазір оларды ата-аналары өздері жаппай жөнелтіп жатыр.

Қазақстаннан тысқары 60 мың жас қазақстандық білім алуда. Олар отанға жұмыс істеу үшін келеді, солармен айналысу керек.

Бір кездері біз осы болашақтықтарды барлық облыстарға - аудандарға әкімдердің орынбасарлары етіп жіберген едік. Олардың барлығы қазір дайын болып шықты – қазір бұл жұмыс неге тоқтатылды", - деді Назарбаев.

"Біздің болашақтық кейбір елшілеріміз, мәселен, Көлгінов, біз оны әдейі Орал қаласының әкімі етіп жібердік", - деп қосты ол.

"Енді ол өсті - ондайлар көп. Біз оларды не үшін дайындадық? Біз отырып өзіміздің орындығымызды оларға бергіміз келмейді. Олардың жақсырақ жұмыс істеп жатқанын көріп жүрміз. Былай біз дами алмаймыз, тоқтап қаламыз", - деп хабарлады Елбасы.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel