RU
"Сенің орның": Елбасы Сапарбаевтың жаңа қызметке тағайындалуы туралы айтты

"Сенің орның": Елбасы Сапарбаевтың жаңа қызметке тағайындалуы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Бердікбек Сапарбаевтың вице-министр лауазымына тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы: "Бер, менің балам көп, ақшам аз" деген ұран көтеріліп жатыр>>>

Назарбаев Досаевқа жағдайы жоқ компанияларды жабуды тапсырды>>>

Назарбаев Нығматулинді Nur Otan фракциясының жетекшісі лауазымына ұсынды>>>

Назарбаев шенеуніктердің ашық болып, халықпен бірге жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

"Бар мәселелерді жасыру - жұмыстың ең нашар үлгісі. Жауапкершілікті алып, адамдармен кездесіп, шешімін іздеу керек.

Бізде халық алдына шығып, осы сұрақтарға жауап беруге, адамдармен жеке кездесіп, мәселелерін шешуге қорықпайтын әкімдер мен министрлер бар.

Бердібек Машбекұлы, вице-премьерлікке тағайындалуыңмен құттықтаймын. Бұл сенің орның.

Сен төрт облыста әкім болдың. Сен осының бәрін көріп, жергілікті тұрғындарымен кездестің, адамдар арасында болдың", - деді Назарбаев.

Елбасының сөзінше, адамдарды олардың өміріндегі ең кішігірім мәселелер де толғандырады.

"Бұл әкім үшін дәреже емес пе? Ол жерде істейтін не бар? Ал ол үшін (қарапайым адам- ред.) мұның бәрі өмірде болып жатқан нәрсе. Ауылдарда жол жоқ. Бұл ол үшін - өмір. Ал біз үшін ұсақ тапсырмалар", - деді Тұңғыш президент.

Естеріңізге сала кетейік, Бердікбек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel