RU
Әшімбаев пен Сұлтанов Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты

Әшімбаев пен Сұлтанов Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты

Рассказать Вконтакте

Мәулен Әшімбаев пен Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қызметке ауысуларына орай Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамынан шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаев. Фото: Inbusiness.kz. Бақыт Сұлтанов. Фото: Abctv.kz

Мәулен Әшімбаев. Фото: Inbusiness.kz. Бақыт Сұлтанов. Фото: Abctv.kz

"Қазір Саяси кеңестің құрамында 11 мүше бар. Халыққа жақын болу керек. Сондықтан да жастарды қолдауымыз қажет, әсіресе ауыл жастарын. Зиялылармен тұрақты диалог құру керек. Осыған орай партияның саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр", – деді Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Тұңғыш президент Саяси кеңес құрамына ұсынылып отырған азаматтардың аты-жөнін атады.

"Мәулен Әшімбаев мемлекеттік қызметке ауысты. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметте сәттілік тілейміз. Бақыт Сұлтанов та мемлекеттік қызметке кетті, министр болды. Рақмет, саған сәттілік тілейміз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Олардың орнына "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің кандидатурасы ұсынылды.

"Ол танымалы, газетті көтерді, зиялыларымызбен жақсы байланыста. Оның пайдасы тиеді деп ойлаймын", – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы қызметіне Дәулет Қайырбекті ұсынды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel