Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Хасанғалиев жаңа туған немересіне өлең жолдарын арнады

Опубликовано:

Халық әртісі, танымал композитор Ескендір Хасанғалиев өзінің немерелі болғанын айтып, көпшілікке қуанышты жаңалығын паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ескендір Хасанғалиев. Фото: Біржан Хасанғалиевтің парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ескендір Хасанғалиев. Фото: Біржан Хасанғалиевтің парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Композитордың ұлы Біржан Хасанғалиевтің шаңырағында ұл бала дүние есігін ашқан.

Ескендір Хасанғалиевтің жазуынша, жаңа туған сәбиге Нұрескен деген есім берілген.

"Нұрескенім, Нұрескен! Жан жағына гүл өскен Ұлы болғай елімнің Адалдықты бөліскен", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, нәресте тамыз айының 5-інде дүние есігін ашқан.

Біржан Хасанғалиев пен жұбайы Ақмаржан бүгінде Нұрсұлтан, Зере және НұрЕскен есімді ұл-қыз өсіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812190-eskendir-hasangaliev-zaa-tugan-nemeresine-le-zoldaryn-arnady/

pixel