RU
"Дұға етпегем": Индира Расылхан өмірі үшін күрескен дәрігерлерге алғыс айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Дұға етпегем": Индира Расылхан өмірі үшін күрескен дәрігерлерге алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Индира Расылхан өзіне ота жасаған дәрігерлер мен аурухана ұжымына алғысын жаудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/indirarasylkhan

Фото: Instagram/indirarasylkhan

Бұл туралы әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Осы уақытқа дейін шынымды айтсам, денімнің саулығы үшін Алладан дұға етпеген екенмін. Ұят ай. Осы жолы шекеме тигендей болды.

Алланың бізге берген аманатының бірі денсаулық екенін білсем де, құнттамаған екенмін.

Аллаға сансыз шүкір, маған осы шамалы сынақ жолында жақсы дәрігерлерді кездестіргеніне.

Осыдан 4 жыл бұрын осы ауру жөнінде диагнозды нақтылау мәселесінде, Нұрлан Серікұлына барған екенмін. Мені көрді де, "сіз маған осыдан біраз жыл бұрын келгенсіз, сонда әлі ота жасатпай жүрсіз бе" дегенде, кірерге тесік таппадым", - деген өнер иесі осы әрекеті үшін қатты ұялғанын жасырмады.

Сонымен бірге, Индира ханым ота жасатардың алдында үлкен қорқыныш болғанын атап өтті.

Оның сөзінше, барлығының сәтті өткеніне дәрігерлер де қуаныпты.

"Алматы қаласындағы 1-ші аурухананың медициналық директоры Пазылов Сабитке және де маған ота жасаған таракалдық хирургияның бөлім меңгерушісі Жарылқапов Нұрлан Серікұлына, дәрігерлер Нысанбай Мұхтар Айтжанұлы мен Таменов Ишанбек Жолдасбекұлына алғысым шексіз", - деді әнші.

Осылайша, "бір өлімнен" аман қалған Индира Расылхан медбикелерге де алғыс білдіруді ұмытпады.

Еске сала кетсек, тамыз айының 7-і күні өнер иесі өзінің басына тағы да қиыншылық түсіп, ота жасатқалы жатқанын көпшілікке баяндап берген еді.

Индира Расылханның көмекшісі желідегілерге отаның сәтті өткенін хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel