RU
"Соғым жібереді": Назарбаев ЖОО-дағы жемқорлық туралы сөз қозғады
Жаңалықтар Қоғам

"Соғым жібереді": Назарбаев ЖОО-дағы жемқорлық туралы сөз қозғады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Тағы оқыңыздар:

Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр>>

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты>>

Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды>>

"Көптеген жоғары оқу орындарында емтиханды ақшалай сыйлық-ақыға тапсыратынын барлығымыз да білеміз. Оқуға түсетін кезде болғанын білетінбіз.

Әдетте сессия кезінде сынақ пен бағаны сатып алатын еді. Студенттерге жатақханада орындарды бөлу, басқа да өмірлік проблемаларды шешу барысында пара беруге мәжбүрлейді.

Бұл жастар тарапының барынша наразылығын туындатады.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Қауіпсіздік кеңесіне арнайы топтарымен бірге университеттерді ішінара іріктеп алып, осы мәселені зерделеуді және оны Қауіпсіздік кеңесінің талқылауына шығаруды тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің талқылауынан кейін нақты шешімдер қабылданатынын атап өтті.

"Жастардың өзі де жемқорлыққа қарсы әрекеттерге белсенді түрде қатысуы тиіс. Сатып алынған білім, ақшаға алынған сынақ не болады? Айтыңыздаршы! Мұнан кейін қандай мамандар аламыз?

Назарбаев Университетінде ешкім де емтихан, сынақ үшін ақша ұсынбайды. Оның не екенін де білмейді.

10 мың жасымыз батыстың үздік университетінде білім алды. Солар ол жақта кімге сынақ үшін пара бергенін айтып көрсінші.

Көрдік қой, баласы оқуға түскеннен кейін артынан қысқа қарай соғым жібереді. Түскенде де жібереді, бітіргенде де жібереді. Әлі күні сонымен жүріп келеміз", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Елбасы ректорлармен де жұмыс істеу керектігін ескертті.

"Ректорлармен жұмыс істеу керек. Бірнеше жыл, 10-20 жылдан отырған ректорлар бар. Білім және ғылым министрі, соның бәрін қара. Қазір біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. Президент (ред. - ректорларды) тағайындамайды. Жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын, білім беретін адамдарды қалдыру керек", - деді ол.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel