Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Толық адамдар арықтарға қарағанда ыстыққа төзімді

Опубликовано:

Ресейлік ғалымдар толық адамдардың арықтарға қарағанда ыстыққа төзімді келетінін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Артық салмағы бар адамдар аномальді ыстық мезгілдерде өздерін арықтарға қарағанда жақсы сезінеді. Себебі, майлы қабаты оларды күнге қызып кетуден қорғайды", – делінген ресейлік ғалымдардың жақында жарияланған "Климаттың өзгеруі және денсаулық: бағалау, көрсеткіш, болжамдар" атты зерттеуінде.

Ресей ғалымдары өз зерттеулерін 2010 жылғы аномальді ыстықтан кейін бастаған болатын.

Олар аномальді ыстық ауа райының адам денсаулығына әсері жөнінде көптеген деректер жинады.

"Қоғамда қалыптасқан көзқарасқа қарамастан, артық салмақ аномальді ыстық кезінде өлім қаупінің және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылмайды", – делінген ғалымдардың мәлімдемесінде.

Мамандардың пікірінше, майлы тіндердің салыстырмалы жылу өткізгіштігі ағзадағы басқа тіндерге қарағанда төмен. Сондықтан да тері астындағы тіндер күнге қызып кетуден қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812217-galymdar-tolyk-adamdar-aryktarga-karaganda-ystykka-tzimdi/

pixel