RU
NUR.KZ-ке жұмысқа орналасу: Тест тапсырмасынан қалай сәтті өтуге болады?

NUR.KZ-ке жұмысқа орналасу: Тест тапсырмасынан қалай сәтті өтуге болады?

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ IT-компаниясына жұмысқа қабылдау алдындағы сұхбаттасу - өте маңызды және міндетті кезең болып табылады. Бұл мақалада тест тапсырмасынан сәтті өтудің маңыздылығы, жіберілетін қателіктер және оны орындау барысындағы жеңілдіктер туралы айтып береміз.

NUR.KZ-тегі сұхбаттасу: тест тапсырмасын қалай сәтті тапсыруға болады?

Фото: NUR.KZ

Тест тапсырмасы жұмыс беруші мен ізденушіге не береді?

  • Ізденушіге:

Қобалжу мен стресс сұхбаттасу кезінде адамдардың өзін-өзі ұстауына қатты әсерін тигізеді. Ізденушілердің барлығы бірдей өздерін "ұсына" білмейді.

Кейде керісінше де болады. Адам өзін керемет ұсынғанымен, нағыз жұмыс барысында оның барлық кемшіліктері бірден байқалады.

Тест тапсырмасы ізденушіге басқа үміткерлерден өзінің артықшылығын іс жүзінде көрсету үшін білімі мен дағдыларын растауға мүмкіндік береді. Тапсырманы орындау кезінде адам болашақта өзіне жүктелетін жұмысты мұқият бағалай алады.

Тапсырмалар үміткерлердің тікелей өздеріне жүктелетін міндеттеріне сәйкес дайындалып, беріледі. Лауазым атауы іс жүзінде не істеу керектігін әрдайым көрсете бермейді, және әр түрлі компанияларда міндеттер бір-бірінен түбегейлі ерекшеленуі мүмкін.

NUR.KZ-тегі сұхбаттасу: тест тапсырмасын қалай сәтті тапсыруға болады?

Фото: NUR.KZ

  • Жұмыс берушіге:

Тест тапсырмасының маңызы өте зор, себебі тапсырманы орындау арқылы ізденуші өзінің біліктілігін дәлелдей алады. Ал басқарушы болса үміткердің қойылатын талаптар мен командаға қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалай алады.

Ізденушінің үміттеніп отырған позициясына қарамастан, жұмыс беруші тест тапсырмасын орындаудың келесі критерийлеріне басты назар аударады:

- уәжділігі (тапсырманы орындау жылдамдығы мен сапасы);

- логикалық ойлау қабілеттілігі (ойын шоғырландыруы және жеткізуі);

- безендіре білуі және ұқыптылығы;

- сауаттылығы;

- іскерлік хат жазысуды жүргізе білу;

- түрлі бағдарламаларды қолдана алуы.

NUR.KZ-тегі сұхбаттасу: тест тапсырмасын қалай сәтті тапсыруға болады?

Фото: NUR.KZ

NUR.KZ ізденушілерге қандай тест тапсырмаларын дайындайды?

Біздің компаниямыздың әрбір департаментінде өз тест тапсырмалары бар. Мысалы, болашақ редактор шығармашылықпен байланысты тапсырма алады (мақалаларға ат қою немесе тақырып таңдау), және айналысатын лауазымы мен қызметіне байланысты тапсырманы орындайды.

Ал коммерциялық бөлімге орналасуға үміткерлер болашақ жарнама беруші клиенттері үшін презентациялар мен коммерциялық ұсыныстар дайындайды.

Дайын тест тапсырмалары болашақ қызметкердің тікелей басшысына жөнелтіледі, ал ол өз кезегінде үміткердің талаптарға сәйкестігіне қарай таңдау жасайды.

Тест тапсырмасын орындау кезінде қойылатын талаптар:

- Тест тапсырмасына жұмысқа қабылдаудың ең маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарау

- Дедлайнды ұстану (тапсыру уақыты)

- Өз қабілеттеріңізді барынша көрсету (тәжірибе бөлісіп, безендіруге уақыт бөліңіз)

Нені жасамаған абзал?

- Өзіңізге берілген тапсырманы басқа біреуге орындату;

- Интернеттен басқа адамдардың жасаған жұмыстарын көшіріп алу

NUR.KZ-тегі сұхбаттасу: тест тапсырмасын қалай сәтті тапсыруға болады?

Фото: NUR.KZ

Тест тапсырмасын орындау жайында тағы нені білу керек?

Үміткерлердің орындаған тест тапсырмалары еш уақытта коммерциялық мақсатта қолданылмайды.

Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және өзінің беделін сақтау үшін заңсыздыққа бармайды. Егер тест тапсырмасы өте тамаша орындалған болса, және компания жұмысына үлесін тигізе алатын болса, компания басшылығы тапсырманы орындғана үміткерге компанияда қызмет ету туралы ұсыныс жасайды.

Біздің мақсатымыз – Қазақстанның ең жылдам өсіп келе жатқан IT-компаниясында жұмыс істегісі келетін және біздің жетістігімізді бөліскісі келетін күшті және өршіл адамдарды табу. Қолжетімді бос орындар тізімін мына жерден көруге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel