Назарбаев елімізді дамыған 30-дық қатарына кіруге не нәрсе жетелейтінін айтты
Опубликовано:
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі дамыған 30 ел қатарына енген мемлекеттердің үш маңызды жетістікті айтты. Елбасының сөзінше, олар - билік басындағы мықты лидер мен партия, өзге елдердің сай келмейтін өрнегінен қашу және стратегиялық бағыт деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Досаевқа жағдайы жоқ компанияларды жабуды тапсырды>>
Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды>>
Назарбаев кезектен тыс сайлауға қатысты сыбысқа жауап берді>>
"Қай елдің мәдениеті мен менталитеті бізге сай келсе, сол елмен теңесіп келеміз. Біз католик не протестант емеспіз, біздің өз мәдениетіміз бар. Батыстың өрнегін Қазақстанға әкелу - бұл жұмыс істемейді", - деді Назарбаев.
Екінші құрам - мықты партия және биліктегі мықты лидер.
"Сингапур, Малайзия нарықты үшінші әлемнен бірінші орынға шығарды. Осы орайда, елді басқарған партия билікте 60 жыл болды. Жапонияда да осылай", - деді Елбасы.
Назарбаев үшінші пункт ретінде саяси сабақтастық пен қабылданған стратегиямен жүруді атады.
"Осы жылы бізге 28 жыл болады. (...) Біз - демократиясы жас мемлекетпіз. Бізге "америкалық бас киім" сай келмейді", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812227-nazarbaev-bizge-amerikalyk-bas-kiim-saj-kelmejdi/