RU
Елбасы шағын ауыл тұрғындарын келешегі бар аймақтарға көшіруді ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы шағын ауыл тұрғындарын келешегі бар аймақтарға көшіруді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев ондаған үйі бар елдімекендерге қомақты бюджет қаражатын бөлу мәселесін қайта қарауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Тағы оқыңыздар:

Елбасы: "Бер, менің балам көп, ақшам аз" деген ұран көтеріліп жатыр>>

Назарбаев шенеуніктерге БАҚ редакторларына қысым көрсетуге тыйым салды>>

Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды>>

Елбасы перспективасы жоқ ауылдарға бюджеттен қаражат жұмсалатынын атап өтті.

«Бізде 7 700 елдімекен бар, оның 1800-нің перспективасы бар, соларға басымдық беру керек.
Қалғандары – кең дала. Бір жағында – бір ауыл, келесі бетінде – басқасы. Біреуінде – 10 үй, жанында 50 үйі бар тағы бір ауыл тұрады», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол ондаған үйі бар ауылға жол тартып, ол жерде мектептер мен ауруханалар салудың орынсыз екенін жеткізді.

«Бірақ, бұл оларға жағдай жасамау керек деген сөз емес. Оларды келешегі бар аймақтарға көшіру керек – сол жерде мектептер, ауруханалар, жолдар мен инфрақұрылымдар салу қажет. Кеше Асқар Мамин бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді», – деді Елбасы.
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel