RU
Өскеменде жергілікті тұрғын 30 жыл бойы құжатсыз жүрген
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде жергілікті тұрғын 30 жыл бойы құжатсыз жүрген

Рассказать Вконтакте

Өскеменде ер адам 30 жылдай уақыт жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ведомство Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің көші-қон қызметіне облыс орталығының 46 жастағы тұрғыны Марат Тұлыбаев жүгінгенін мәлімдеді.

Ер азаматтың қолында 1989 жылы берілген ескі үлгідегі төлқұжат қана болғаны анықталды.

Облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметшісі Азамат Раисовтың сөзінше, жергілікті тұрғын содан бері жеке басына ешқандай құжат рәсімдемеген.

"Өзінің айтуына қарағанда, құжат рәсімдеуге әуелде қаражаты болмаған. Кейін заң алдындағы жауаптылықтан қорқып, ешбір органға жүгінбеген. Ол бұған дейін құжатқа деген аса бір қажеттілік болмағанын айтады", - деді ол.

Полиция қызметкерлері ер азаматқа екі аптаның ішінде құжаттарын жинауға көмектескенін жеткізді.

"Бұл ретте, оған қандай да бір айыппұл санкциялары қолданылған жоқ.Тек жеке куәлікті ресімдеу үшін 500 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс", - деді Азамат Раисов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel