RU

Президент кеңесшісі: Ертісбаев қатарда қалады

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Ермұхамет Ертісбаевтың Белорусиядағы Қазақстан Республикасының елшісі қызметінен босатылуы мен сенаторлардың тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ермұхамет Ертісбаев. Фото: Sputnik
Ермұхамет Ертісбаев. Фото: Sputnik: UGC

Қарин саяси қызметкерлердің жұмысы емес, тапсырмалары өзгеретінін атап өтті.

"Қалғанның бәрі: лауазым, дәреже - мұның бәрі шартты дүние. Бұл жағдайда Ертісбаев - айтарлықтай саяси қызметі бар тәжірибелі саясаткер. Сол себепті ол әр кез сұраныста болып, саяси қатарда қалады", - деді Қарин.

Кеңесшінің сөзінше, ол жуырда Ертівсбаевпен кездескен, оның бойынша күш-*қуат пен тың идеялар көп екен.

Жаңа сенаторларды тағайындауға қатысты Карин мұның жоспарлы ауыстыру екенін айтты. Олардың барлығы тәжірибелі мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамыз күні Ермұхамет Ертісбаевты Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды.

Дәл осы күні Бас прокурордың экс-орынбасары Андрей Лукин, ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен, тележүргізуші Дана Нұржігітова және энергетика министрлігінің экс-жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов жаңа сенаторлар атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812248-prezident-keessisi-ertisbaev-katarda-kalady.html