RU

Көкшетау қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Бас прокурордың биылғы 20 тамыздағы бұйрығымен Дастан Тұрсынов Көкшетау қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Prokuror.gov.kz
Көрнекі сурет: Prokuror.gov.kz: UGC

Дастан Тұрсынов 1981 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2005 жылы бастаған.

Алматы облысының Басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы, осы өңірдің Алакөл ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қыркүйегінен бері Бас прокуратурада жұмыс істеген.

Класстық шені – әділет кеңесшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812252-kksetau-kalasyna-zaa-prokuror-tagajyndaldy.html