RU
"Артыңнан қалмаймын деді": Түсінде жын-шайтан көретін қыз шарасыз күйге түсті

"Артыңнан қалмаймын деді": Түсінде жын-шайтан көретін қыз шарасыз күйге түсті

Рассказать Вконтакте

Бойжеткен бір жыл бұрын түсінде жын-шайтан көре бастағанын сөз етті. Айтуынша, ол оны қылқындырып қорқытады екен. Түсінде алты әріптіден қиналатынын жігітіне айтқан ару, оның да түсіне жындар кіргенін алға тартты деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Арудың сөзінше, ол түсінде жын-шайтандарды көре бастаған. Сондай-ақ, ол тынышталу үшін сүре оқуға да шамасы келмегенін сөз етті. Айтуынша осындай сәттерде оның түсіне марқұм анасы кіріп, сүрені толық оқуға көмектесіп жүрген.

"Өткен жылдың жазынан бері жын-шайтандар туралы біртүрлі түстер көретін болдым. Кейде күн сайын, кейде бір айда бір рет түсімнен шошып оянамын. Оларды көрген сайын сүре оқи бастаймын. Бірақ аяқ асты тілім күрмеліп, соңына дейін оқи алмай кетемін. Сол кезде марқұм анам келіп, оқуғңа көмектесетін. Түсімде алты әріпті мені тұншықтырып, қинайды", - дейді кейіпкер.

Тек ақшаны көксеген бақсыдан көңілі қалған бойжеткен мешітке барып, дұға қылған. Ол сондай-ақ басындағы жағдайы туралы сүйіктісіне баяндап берген. Ол өз кезегінде мұндай нәрселерге сенбейтінін алға тартыпты. Алайда көп ұзамай түсінде шайтандарды өзі көрген екен.

"Мәселемді шешу үшін бір бақсыға барған едім, ол ақша сұрап қызметінің қанша тұратынын айтып қоймады. Онысын жақтырмай қалып, мен де теріс бұрылып кетіп қалдым. Содан кейін әлгі жын-шайтан түсімде сөйлейтінді шығарды. "Мен бәрібір емнің артыңнан қалмаймын" дейді. Мешітке де бардым.
Болған жағдайды жігітіме айтсам, ол "ондайға сенбеймін" деп шорт кесті. Алайда жақында сол жын оның да түсіне кіріпті. Басапанамды ауыстырып тұрамын, өзім тазамын. Мұндай жағдайдың не себепті болып жүргенін түсіне алмадыфм", - дейді бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
0
7
8
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel