RU
"Отбасыңды өлтіремін": Бұрынғы жігіті бопсалайтынын айтқан ару мұңын шақты

"Отбасыңды өлтіремін": Бұрынғы жігіті бопсалайтынын айтқан ару мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Бойжеткен бұрынғы жігітінің өзінің артынан қалмай жүргенін сөз етті. Айтуынша, ер азамат қыздың қазіргі өміріне араласып, оның жақындарын өлтіруге серт беріпті деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жиі қол көтеріп, қадірін түсіріп алған сүйіктісінен бас тартқан ару бүгінде бақытты өмір сүріп жатқанын айтты. Дегенмен бұрынғы ғашығы қыздың өміріне қайта еніп, оның тас талқанын шығармақ екен.

"Бұрынғы жігітім кездесіп жүрген кезде жиі қол көтеретін. Айырылысып кеткеннен кейін менен қш алатынын, болашақ күйеуім мен отбасынын өлтіріп кететінін айтады. Үнемі хабарласып, бопсалайды", - деп жазды ару.

Кейіпкер қазіргі сүйіктісінің оның мәселесін шешуден бас тартып отырғанын, бар жағдайға арудың өзін кінәлі көріп тұрғанын айтты.

"Енді басқа жанмен отбасын құрмақпын. Жігітім нөміріңіді ауыстыр, оның сенің артыңнан жүгіріп жүргені саған ұнайды деп отыр. Кезінде онымен кездескенім үшін өкінемін. Мәселемді өзімнің шешкенімді қалайды. Ол менің тойыма кедергі бола ма деп қорқамын", - деп ашынды бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel