Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов ШҚО-да көз жұмған сәбидің ата-анасына көңіл айтты

Опубликовано:

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Среднигорное ауылында қайтыс болған бір жарым жастағы ұлдың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы жазба оның Facebook парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кішкентай Әлихан Талғатовтың ата-анасы мен жақындарына отбасы тағдырына түскен ауыр қайғыларына ортақтаса, көңіл айтамын", - деп жазды облыс әкімі.

Ахметовтің айтуынша, 4 күн бойы Алтай тұрғындары мен еріктілер жоғалған баланы іздеген.

" Қапыда бауыр етің балаңнан айырылып қалу – орны толмас қасірет. Кішкентай Әлиханның жарқын бейнесі әрбіріміздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болсын! ", - деп қынжылды Шығыс Қазақстан облысының басшысы.

Даниал Ахметов аудан әкімдігі жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Әлихан Талғатов 17 тамыз күні жоғалып кеткен болатын. Кішкентай бала аулада әпкесімен бірге ойнаған, ал анасы үлкен қызымен бірге тамақ дайындап жатқан.

Содан кейін ортаншы қызы үйге жалғыз кіріпті. Туған-туыстары кішкентай Әлиханды іздеп, полицияға арыз жазған.

Еріктілер мен құтқарушылар да шетте қарап қалмады.

Өкінішке орай, 20 тамыз күні баланың денесі жанұясы тұратын үйдің ауласындағы құдықтан табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812267-danial-ahmetov-sko-da-kz-zmgan-sbidi-ata-anasyna-kil-ajtty/

pixel