Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы зауытта жарылыс болды (видео)

Опубликовано:

Павлодар зауытында жарылыс болды. Оқиға орнынан кадрлармен tipav1o Тelegram-арнасы бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC
Кадрдан зауыттың үш қызметкерінің еріткіш пештің қасында тұрғанын көруге болады. Бір кезде аяқ асты жарылыс болып, жалын камера объективін жауып қалады. Адамдар өрт бүкіл бөлмеге тарап кетпегенше цехтан шығып үлгерді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес,Tengrinews.kz өрттің пештен металдың ағып кетуіне байланысты пайда болғанын: балқытылған металл ылғалға түсіп, жарылыс тудырғанын жазады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынға арнайы комиссия жіберілді.

Апат салдарынан 49 және 41 жастағы кәсіпорын қызметкерлерін түрлі дәрежелі күйік шалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812277-pavlodardagy-zauytta-zarylys-boldy-video/

pixel