RU

Тоқаев Қостанай облысының әкіміне бірнеше тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Фото: Ақорда: UGC

Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812278-tokaev-kostanaj-oblysyny-kimine-birnese-tapsyrma-berdi.html