RU
Алматыда мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының басшысы 14 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының басшысы 14 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Рассказать Вконтакте

Құралай Сарымбаева 2016-2018 жылдар аралығында 14 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталуда. Ол жеті жыл мерзімге сотталды, бірақ айыпталушының баласы болғандықтан жаза кейінге шегерілді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Әйел адам ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айыру туралы үкім қабылданды.

Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет етуге тыйым салды.

Айта кетейік, Сарымбаеваның жазасы бір жылға кейінге қалдырылды, себебі оның 14 жасқа толмаған баласы бар.

Сотталушы өз кезегінде кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды 14 222 998,27 теңге көлемінде өтеген.

Басылымның хабарлауынша, ол қылмысты 2016 жылдың 24 маусымынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасаған.

Жүйе қарапайым болды: Сарымбаева орталықта іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударып отырған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel