RU
Оралда белгісіз біреу алты жасар баланы өртеп жіберді

Оралда белгісіз біреу алты жасар баланы өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Оралда белгісіз біреулер бес жасар баланың үстіндегі киімін өртеп жіберді деп жазады "Мой город"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Көп қабатты үйдің ауласында балалар бес жасар баланы өртеп жібергені туралы ақпарат жақында әлеуметтік желілерде пайда болды.

Облыстық ІІД-де факті расталды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, белгісіз біреу баланың үстіндегі футболканы өртеп жіберген.

Балақайдың үстіндегі киімнің жанып жатқанын көрген жергілікті тұрғын оны сөндіруге асыққан.

Кінәлінің жеке басы қазір анықталуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алты жасар баланың қабылдау бөлімшесіне термиялық күйікпен келгенін айтты.

Күйік ауданы 3-6%-ы құраған. Балаға қажетті көмек көрсетіліп, амбулаторлық емделуге жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
1
4
5
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel