RU
Головкиннің келесі жылғы алғашқы жекпе-жегінің күні белгілі болды

Головкиннің келесі жылғы алғашқы жекпе-жегінің күні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Америкалық журналист Стив Ким қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы және GGG-Канелоның трилогиясының жалғасы туралы өз пікірін білдірді деп жазады ESPN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украиналық Сергей Деревянченко ресми түрде жариялағанындай, 5 қазан күні ол IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпионның бос белбеуі үшін Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.

Екі боксшы қазан мен қараша айларында өтетін жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда, Головкин мен Альварес арасындағы көптен күткен үшінші жекпе-жектің болу мүмкіндігі қаншалықты деген сұраққа Ким жауап берді. Оның сөзінше, ол жекпе-жектің өтуі міндетті емес екен.

Деревянченконы жеңген жағдайда GGG келесі жылдың қаңтар немесе ақпан айларында ғана рингке оралады деп хабарлады журналист өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.

Альварес, Кимнің пікірінше, рингке 2020 жылдың мамыр айында ғана, Синко де Майо ұлттық мексикалық мерекеге оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс БАҚ-та Головкиннің жаңа промоутері америкалық Matchroom Boxing Эдди Хирн болатыны туралы ақпарат пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel