RU

"Big Drama Show-ды қайтарамыз": GGG 5 қазан күні рингке шығатынын жария етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегі туралы хабарлады. Қазақстандық былғары қолғап шебері қазан айының басында украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram парақшасында GGG 5 қазан күні украиналық спортшыға қарсы рингке шығатынын ресми жариялады.

IBF бос белбеуі үшін жекпе-жек Нью-Йоркте Madison Square Garden алаңында өтеді.

"5 қазанда жақсы жекпе-жек болмақ. Біз Big Drama Show-ды Madison Square Garden-ге және DAZN-ға қайтарамыз. Бокста ұнататын дүниеңіздің бәрін көресіз. Нью-Йоркте кездескенше!", - деп жазды Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының Нью-Йоркте баспасөз конференциясын өткізетіні белгілі болды. Оның күні әлі анықталған жоқ. Оған Сергей Деревянченко қатысуы керек.

Айта кетерлік жайт, кездесу туралы алғашқы болып украиналық спортшы мәлімдеді.

Өткен аптада ол алдағы жекпе-жектің анонсын әлеуметтік желілерде жариялады, алайда бірнеше сағаттан кейін жазбалар түсініксіз себептермен жойылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Big Drama Show-ды қайтарамыз": GGG 5 қазан күні рингке шығатынын жария етті
Mailfire view pixel