RU
Тоқаев Ақордада Орталық Азия елдерінің СІМ басшыларын қабылдады

Тоқаев Ақордада Орталық Азия елдерінің СІМ басшыларын қабылдады

Рассказать Вконтакте

«Ақордада» Қасым-Жомарт Тоқаевтың «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуіне Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов келді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы дипломаттарды АҚШ-пен өңірлік ынтымақтастықты және қатынастарды нығайтудың тиімді тетігі саналатын «С5+1» форматындағы кезекті кездесудің табысты аяқталумен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Көпғасырлық ортақ тарихымыз, тату көршілестігіміз, мәдени және діни бауырластығымыз мемлекеттерімізді жақындастыратын негізгі діңгек болған және әрқашан солай бола береді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында Орталық Азиядағы ынтымақтастық сыртқы саясатымызда әрдайым басымдыққа ие болды", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір ішіндегі сауда-саттық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне арнайы тоқталды.

Мемлекет басшысы 2018 жылы наурыз айында Қазақстанның елордасында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы Консультативтік кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап көрсетті.

"Бұл оқиғалар елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты десек, асыра айтқандық емес. Өңір ішіндегі сауда-саттық деңгейінің айтарлықтай артуы соның айқын дәлелі болады", – деді Қазақстан президенті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel