RU
Америкалық әйгілі режиссер Тарантино бірінші рет әке атанбақшы

Америкалық әйгілі режиссер Тарантино бірінші рет әке атанбақшы

Рассказать Вконтакте

Америкалық режиссер Квентин Тарантино мен оның жұбайы Даниэл Пик бірінші рет ата-ана атанбақшы. Жұптың осындай мәлімдемесі People журналында жарияланған деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Квентин Тарантино мен Даниэла Пик. Фото: Legion-media.ru

Квентин Тарантино мен Даниэла Пик. Фото: Legion-media.ru

"Даниэла мен Квентин Тарантино бала күтіп жүргендерін қуанышпен хабарлайды", - делінген мәлімдемеде.

Басылым анық-қанығын жазбады.

Тарантино өткен жылы 35 жастағы израильдік әнші әрі модель Даниэл Пикке үйленген болатын. Олар Израильде 2009 жылы режиссер өзінің Inglourious Basterds атты жаңа фильмін таныстыруға барғанда танысқан.

2017 жылы аталмыш жұп Нью-Йоркте атастыру рәсімін жасаған. Ол кешке актерлер Брюс Уиллис пен Самюэл Л. Джексон, актрисалар Ума Турман мен Дайан Крюгер, сондай-ақ продюсер Харви Вайнштейн де қатысқан болатын.

56 жастағы режиссердің бұл алғашқы некесі. Бұған дейін ол отбасыны емес, кино саласын таңдап келген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel