RU

"Қазақстанды таны": Нұр-Сұлтанда халықаралық блогер форумы өтеді

24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында блогингке және туризмді дамытуға арналған ауқымды шара өтеді. "Қазақстанды таны" халықаралық форумына 14 елден келген танымал блогерлер қатысады.

Халықаралық блогерлер форумы Нұр-Сұлтанда өтеді
Фото: ОО "A kind heart": Facebook

Форум спикерлері туризм мен блогингті дамыту мәселелерін талқылайды.

Іс-шара барысында қатысушылар үшін супер-ақпараттық және пайдалы мастер-класстар ұйымдастырылады, онда олар блогингті дамытуға арналған барлық фишкалар туралы біледі. Олар:" Тревел блогинг", "YouTube-блогер профилін дамыту", "Бизнес-блогинг", "Instagram-блогер профилін дамыту", "Qazaq Instagram" және басқалар. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Instagram және Youtube блогерлердің профильдерін дамыту және сапалы мультимедиялық контент құру туралы білімдерімен бөліседі.

Іс-шараның хедлайнерлері: " Следуй за мной " жобасының авторы Мұрат Осман (Ресей) және тревел-блогер Льюис Коул (Ұлыбритания).

Сонымен қатар, форумда " Я из Казахстана" бейнеблогерлер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

Ұйымдастырушы - "A kind heart" қоғамдық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен.

Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube - тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы, демеушілер - Sevens ауыз суы бар "GALANZ bottlers" компаниясы және "Aviata" компаниясы.

Форумға қатысу тегін.

www.openqazaqstan.kz сайтына тіркел

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812330-kazakstandy-tany-nr-sltanda-halykaralyk-bloger-forumy-tedi.html