RU
Тянь-Шаньда жоғалған альпинистерді іздеу жұмыстары қайта жалғасты

Тянь-Шаньда жоғалған альпинистерді іздеу жұмыстары қайта жалғасты

Рассказать Вконтакте

22 тамыз күні таңертең Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен альпинистерді іздеу жұмыстары қайта жалғасты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/almatyalpfederation

Фото: facebook.com/almatyalpfederation

Ведомствоның баспасөз қызметіның ақпаратынша, Алматы облысындағы "Қарқара" альпинистік лагерінен "Жеңіс" шыңына "Қазавиақұтқарудың" Ми-171 борты аттанған.

Іздеу жұмыстары тепловизордың көмегімен ауада жүргізілетіні хабарланды. Бүгін тауда ауа райы ашық.

Естеріңізге салсақ, 19 тамызда Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары алматылық альпинистердің Тянь-Шань тауындағы қар астында қалғанын айтқан болатын.

Қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығы мен қажетті жабдықтардың жоқтығынан лагерьге түсе алмаған.

Үшінші альпинист Александр Чечулиннің қайтыс болғаны хабарланды.

Альпинизм федерациясы жоғалғандарды тірі табу мүмкін еместігін айтқан болатын.

ТЖК өкілдері, Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ, басқа да қызметтер жоғалған қазақстандықтарды іздеу үстінде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel