RU
Елордадағы ескі ғимаратқа ілінген рухани жаңғыру жазбасы мейманды таңырқатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Елордадағы ескі ғимаратқа ілінген рухани жаңғыру жазбасы мейманды таңырқатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанға Атыраудан қонаққа келген тұрғын қаладағы тозығы жеткен ғимараттың сыртындағы "Рухани жаңғыру" деген жазбаға шүйлікті. Өңір тұрғыны ескі ғимаратқа не себепті аталмыш жазбаны ілгенін білмей дал болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Нұр-Сұлтанда қаланың қақ ортасындағы ескі ғимаратқа "Рухани жаңғыру" жазбасы ілінген. Атыраудан келген қонақ жазбаны көріп, таңырқағанын жасырмады.

"Астананы көп біле бермеймін. Балам отбасымен тек былтыр көшіп келді. Мынадай жазбаны көріп, шыны керек ішім удай ашыды, қатты қынжылдым. Ескі үйге сондай жазбаны іле ме?
Тозығы жеткен ғимараттың сыртына мынадай алып жазбаны қалай іледі екен?", - деді ер адам.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ол сондай-ақ қаланың көптеген нысандарында латын қарпінде жазылған жазбаларда қателер өріп жүргенін алға тартты.

"Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімін. Астанада көптеген ғимараттардың атауы латын қарпімен жазыла бастапты. Кейбірінде бірен-саран қате байқадым.
Толығымен осы алфавитке өткенше ондай қателіктерге жол берілетінін білемін. Десе де аты дардай астана болған соң, жазба атауларында сақ болған дұрыс", - дейді ер азамат.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel