RU
Туған әкесін аяусыз өлтірген әпкелі-сіңлілер қылмыстық істе құрбан болып шықты

Туған әкесін аяусыз өлтірген әпкелі-сіңлілер қылмыстық істе құрбан болып шықты

Рассказать Вконтакте

Былтыр туған әкесін өлтіріп, калың көпшілікті дүр сілкіндірге әпкелі-сіңлілі Хачатуряндарға қатысты қозғалған істің тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бір жылдан астам уақытқа созылған тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпталып жатқан үш қыз іс бойынша оқиғаның құрбандары болып танылды деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото : anews.com

Фото : anews.com

21 тамыз күні шулы іс бойынша күдікті ретінде ұсталған әпкелі-сіңлілердің кінәсіз болып шығуы мүмкін екенін анықталды.

Бойжеткендер әкесінің көрсеткен қорлығына шыдай алмай, оны өлтіруге мәжбүр болғандарын айтты.

Тергеу барысында 57 жаста болған марқұм Михаил Хачатурян жүйке жүйесінің ауруына шалдыққаны анықталып, оның қыздары үшін аса қауіпті адам болғаны дәлелденді.

Ол өз презенттерін соққыға жығып қана қоймай, оларды жыныстық қатынасқа итермелегені расталды.

Күні кеше Кристина, Ангелина мен Марияның қорғаушылары Тергеу комитетінің қаулысын алды. Онда үш қыздың да сексуалдық қорлықтың құрбаны болғаны жазылған.

Енді күдікті арулардың адвокаттары адам өліміне алып келген әрекеттерді өзін-өзі қорғау болғанын дәлелдеп көрмек.

Егер бұл жағдай қолдарынан келсе, Хачатурян әпкелі-сіңілілер іс бойынша кінәсәз болып танылмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
3
4
0
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel