RU
Бір апта бұрын босанған ақтаулық әйел ес-түссіз жатқан жерінен табылды
Жаңалықтар Қоғам

Бір апта бұрын босанған ақтаулық әйел ес-түссіз жатқан жерінен табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда кесір тілігі арқылы босанып, үйіне шығарылған 29 жастағы келіншек ұзақ уақыт бойы телефон қоңырауына жауап бермей, есікті де ашпаған. Амалы таусылған туыстары құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері әйелді ес-түссіз жатқан жерінен тапты.

Ауруханаға жеткізілген келіншектің ауыр бас сүйек-ми жарақаты бар екені анықталды. Ол бұл зақымды құлаған кезде алуы мүмкін.

"Медицина қызметкерлері оны жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Жедел түрде гематоманы алып тастау үшін ота жасалды. Жедел және медикаментозды емдеу нәтижесінде пациенттің жағдайы қазіргі уақытта тұрақты, ол коматоздық күйден шығып, өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылды",- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствода келіншектің қандай себеппен жарақат алғаны айтылған жоқ. Тек босанғаннан кейін әйелдің қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілгені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
5
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel