RU
Нұр-Сұлтанда ұлдары әскери мектепке түспей қалған ата-аналар наразылық білдірді

Нұр-Сұлтанда ұлдары әскери мектепке түспей қалған ата-аналар наразылық білдірді

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас Ұлан" мектебінің төңірегінде дау шықты. Ата-аналар ұлдарының спорттан да, білімнен де жақсы нәтиже көрсеткенімен әскери оқуға түспей қалғанына шағымданып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр/КТК. Коллаж: NUR.KZ

Видеодан кадр/КТК. Коллаж: NUR.KZ

Телеарнаның мәліметінше, "Жас Ұлан" мектебіне биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам талапкер құжат тапсырған.

Ұлдары емтиханнан өтпей қалған ондаған ата-ана нәтижеге көңілдері толмайтынын ашық айтқан.

Олардың сөзінше, төмен балл жинаған студенттер оқуға түсіп кеткен.

"Біздің балалар 10 рет тартылды. Олар өтпей қалды. 4 рет тартылған бала өтіп кетті. 50 балмен. Қай себеппен? Соны айтыңызшы!", - деді ата-ана.

Телеарна елордадағы әскери мектепке түсу үшін үміткерлер алдымен медициналық және психологиялық тексерістен өтіп, кейін математика, қазақ тілі, дене шынықтыру секілді пәндерден емтихан тапсырғанын атап өтті.

Талапкердің әкесі Әлімхан Әміров ұлының оқу орнына түсу үшін екі жыл дайындалғанын алға тартты.

"Армандап келіп еді. Енді көріп тұрғаны – мынау. Сонда бұл "Жас Ұланда" болашақта қандай мамандар болады? Отанды қайтіп қорғайды, осылай жемқорлық бола берсе? Шындықты айту керек қой. Қашанғы бұға береміз?", - деді ашынған әке.

Бұл мәселеге байланысты "Жас Ұлан" республикалық мектебінің бастығы Тілеухан Басқожаев пікір білдірді.

"Ата-аналар талап етіп жатса, "менің балам дене шынықтырудан жақсы жүгірді" деп жатса, біз түсірілген бейнежазбаны ата-аналарына көрсетіп береміз. Баласын жақтайды ғой енді.
Қарға баласын әппағым дейтініндей, әркім өз баласын жақтап келеді. Сол үшін біз осыны таспадан көрсетеміз. Сіздің балаңыздың нәтижесі осындай болды деп айтамыз", - деді ол.

Дерекөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel