Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші рет емес": Орал қаласы сусыз қалды

Опубликовано:

БОҚ-да облыс орталығында 21 тамыз күні кешкі уақыттан бері су жоқ. Қала бойынша сумен қамтамасыз ету жүйесі өшкен. Орал әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жаңа су құбырларының іске қосылып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Су болмайтыны жайлы хабарлама әкімдіктің ресми парақшасында 21 тамызда күндізгі уақытта жарияланған болатын.

Қала тұрғындарына су 22 тамызға сағат таңғы жетіге дейін өшірілетінін мәлімделді.

"Сутазартқыш ғимарат ауданында су құбырларының жаңа тармағына қосылу жұмысы әлі аяқталған жоқ. Су 22 тамыз күні сағат 10:00-де қосылады" , - деп жауап берді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар, қала тұрғындары судың жоқтығы салдарынан балаларын мектепке дейінгі мекемелерге жібере алмағандарын алға тартты.

"Біз баламызды балабақшаға алып келгенде мекеме жетекшісі оны алудан бас тартты. Су жоқтығының салдарынан мұндай проблемаларға бірінші рет тап болып тұрған жоқпыз" , - деді Айнагүл Исаева.

Айта кету керек, Оралда осы жылыканализациялық коллектордағы апат кесірінен суды екі мәрте өшірген болатын. Тағы бір рет қаланың сусыз қалуына су келетін Орал өзенінің тым төмен деңгейі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812382-birinsi-ret-emes-oral-kalasy-susyz-kaldy/

pixel