RU
Головкин мен Деревянченко алдағы жекпе-жектен қанша ақша алады?

Головкин мен Деревянченко алдағы жекпе-жектен қанша ақша алады?

Рассказать Вконтакте

Головкин – Деревянченко жекпе-жегі 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. Желіде қазақстандық және украиндық боксшының қанша пайда табатыны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

The Atletic инсайдері Майк Коппинджер алдағы жекпе-жек екі боксшыға да жақсы табыс әкелетінін мәлімдеді.

GGG-дің осы кездесу үшін нақты қанша ақша алатыны айтылған жоқ. Алайда қазақстандық боксшы кепілдік берілген сегіз сандық сыйақы алатыны белгілі болды (10 миллион доллардан астам).

Сергея Деревянченконың гонорары 5 млн долларды құрайды. Бұл сома - украиндық боксшы үшін рекордтық көрсеткіш.

Осыған дейін спортшы жекпе-жек арқылы ең көп дегенде 500 мың доллар тапқан.

Еске сала кетсек, Головкин желідегі парақшасында 5 қазан күні украиналық спортшыға қарсы рингке шығатынын ресми жариялады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel