Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда мектеп оқушысының кітабынан қандала шықты (фото)

Опубликовано:

Ақтауда жетінші сынып оқитын баланың ата-анасы мектеп кітабынан қандала тауып алған. Олар басшылыққа шағымданғанымен еш жауап ала алмаған деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz: Facebook

Оқушының ата-анасы жәндіктің басқа оқушылардың да кітаптарында бар екенін алға тартып отыр.

"20 тамыз күні мектеп кітапханасында кітап таратты. Үйге келген соң біз олардың ішінен қандала көрдік. "Тосын сый" бар кітап тек бізде ғана емес екен. Басқа ата-аналар да жәндіктері бар кітап алыпты", - дейді жетінші сынып оқушысының әкесі.

Lada.kz басылымы редакциясы Маңғыстау облыстық білім басқармасынан жауап күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812397-aktauda-mektep-okusysyny-kitabynan-kandala-sykty-foto/

pixel