RU
Альпинистерді іздеу жұмыстары: Жеңіс шыңынан тірі адамдардың белгісі табылмаған

Альпинистерді іздеу жұмыстары: Жеңіс шыңынан тірі адамдардың белгісі табылмаған

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның қорғаныс министрілігі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпинистер Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығын мәлім етті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/almatyalpfederation

Фото: facebook.com/almatyalpfederation

Министрліктің мәліметінше, әскерилер жоғалған альпинистерді іздеп, Жеңіс шыңын 14 рет айнала ұшып өткен.

Іздеу жұмыстары 5100-ден 6 000 метр биіктікке дейінгі аралықта жүргізілген.

Тау шатқалына барынша жақын келу аралығы 70 метрді құрағаны белгілі болды.

"Іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың айтуынша, көзбен шолу, сонымен қатар тепловизор пайдалану арқылы қарау еш нәтиже бермеген. Тірі адамдардың ешқандай белгісі немесе дене табылмаған.
Бұған қоса, ол жаяу операция мақсатқа сай келмейтіндігін айтып отыр. Себебі аталған ауданда қар көшкінінің орын алу қаупі сақталуда. Бұл бағдарға шығатын адамдар үшін үлкен тәуекел әрі қатер төндіреді", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, 19 тамызда Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары алматылық альпинистердің Тянь-Шань тауындағы қар астында қалғанын айтқан болатын.

Қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығы мен қажетті жабдықтардың жоқтығынан лагерьге түсе алмаған.

Үшінші альпинист Александр Чечулиннің қайтыс болғаны хабарланды.

Альпинизм федерациясы жоғалғандарды тірі табу мүмкін еместігін жеткізген..

ТЖК өкілдері, Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ, басқа да қызметтер жоғалған қазақстандықтарды әлі де іздеу үстінде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel