Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлеповтың жұбайы күйеуінің қыр-соңынан қалмаған қыздар жайлы айтты

Опубликовано:

Актер Асылхан Төлеповтың әйелі жұлдызды күйеуінің қыр-соңынан қалмай аңдыған табынушы арулар жайлы айтып берді. Айсұлу Нарымбекқызы желіде жолдасының жанкүйерлеріне қатысты қызықты оқиғасымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің жары сүйіктісінің табынушыларымен бетпе-бет кездескен сәті туралы өзінің Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі баяндады.

"Бірде біз Панфилов көшесінің бойымен кешқұрым серуендеуге шықтық. Асықпай әңгімелесіп, кешкі қаланың сұлу келбетіне тамсанып келеміз. Асекем "артымызда бір үш қыз бағанадан бері келе жатыр" деді. Қыдырып жүрген адам көп қой, олар да арбатқа қарай бет алған болар деп ойладым. Арбатқа жақындай бергенде әлгі үш қыз әлі соңымыздан келе жатқанын көрдім.
Қызық болсын деп, екеуіміз Абылай хан көшесіне бұрылып, жоғары қарай беттедік. Бізден басқа ешкімнің бойы көрінбеген көше. Үш қыз да бұрылыпты. Асеке шыдамай "суретке түсесіңдер ма?" деп еді үшеуі қуанып келіп "иә, бағанадан бері әйеліңізден ұялып келеміз" деп ағынан жарылды.
Менен ұялмаңыздар. Керек десеңіздер, фотограф бола салам, суретке түсіріп беремін. Тек танып тұрып, ұялып өтіп кетпеңіздер" , - деп жазды Асылхан Төлеповтың жұбайы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812413-tlepovty-zary-kjeuini-kyr-soynan-kalmagan-zankjer-kyzdar-zajly-ajtty/

pixel