RU
"Кешью" тобының бұрынғы әншісі тұрмысқа шыққан соң депрессияға түскенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі тұрмысқа шыққан соң депрессияға түскенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың қазанында тұрмысқа шыққан "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова отбасылық өміріндегі құпиямен бөлісті. Өнерге енді оралмайтынын айтқан ару тұрмысқа шыққан соң, депрессияға ұшыраған деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Элизаттың айтуынша, ол сүйіктісімен 16 жасында танысқан. Ал 18 жасқа толғанда ғашығы үйленуге ұсыныс жасаған екен.

Алайда бойжеткен өнер әлемінен алыстағысы келмей, болашақ жарын жеті жыл күттірген.

"Тұрмысқа шығып, аяғым ауырлағаннан кейін ақылымнан алжаса жаздадым. Бұрынғы өмір салтым мен қазіргісін салыстырып, өзімді ваккумде жүргендей сезіндім. Бұрын дайын тұрған қол сөмкелерімді ала сала, жиі іссапарға аттанатынмын. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін үй тірлігі мен тамақ әзірлеуге көштім. Осыдан кейін менде депрессия басталып, көз жасыма ерік бердім. Еркелеп, күйеуімнің мазасын алдым. Бұл сұмдық болатын.

Мен сахнаға қайта оралғым келетінін түсіндім. Айна алдында боянып-сыланып, өз-өзіме сұхбат беріп отыратынмын. Сахнаға оралудың жолдарын іздеп, "Балалы болғаннан кейін өнерге орала аламын ба?" деген сұрақпен бас қатырдым.

Ал күйеуім берген уәдемді еске салып, үнемі қарсылық танытты. Жүктілігімнің тоғызыншы айында мені кастингке шақырып, мен өтіп кеттім. Күйеуім де менің қиналып жүргенімді көріп, қарсылық танытпады. Оның үстіне әкем күйеуімнің туыстарын жинап, "Егер менің қызым бірнәрсені қатты қаласа, демек ол нәрсеге зәру болғаны. Қызымның арманын орындауына рұқсат беріңіздер" деп айтты", - деп есіне алды әнші.

Сондай-ақ Элизат Берікова түсірілім барысында кішкентай баласына қайын апасы қарағанын да жасырмады.

"Түсірілім кезінде күйеуімнің әпкесі балаға қарады. Алайда күйеуіммен күнде көрісе бермейтінбіз. Мен түнде келгенде ол ұйықтап жатады. Бірақ маған ренжулі болды. Оның үстіне баланы ауыртып алатынымды айтып, ұрысатын.
Ал оның ең қатты ашуланғаны, тәтем мен баланы үйге жіберіп, өзімнің ән орындауға кеткенім еді. Таңғы 4-те үйге келсем, жарым баланы қолына ұстап, мені күтіп жүр. Менен "мұның барлығын ақша табу үшін істеп жүрсің ба" деп сұрады. Оған өнерсіз өмір сүре алмайтынымды түсіндіруге тура келді", - деді Элизат Берікова.

Естеріңізге сала кетейік, Элизат Берікова 2018 жылдың 25 қазанында тұрмысқа шыққан болатын.

Ақпаратты көшіріп, басу, тарату тек "Время баспасы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асыралады!

Сіздің реакцияңыз
7
5
3
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel