RU
Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры үй қамаққа алынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры үй қамаққа алынды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Индира Жолдубаева сот шешімімен үй қамаққа алынды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Индира Жолдубаева. Фото: 24.kg

Индира Жолдубаева. Фото: 24.kg

"Бішкектің Первомай аудандық соты сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде елдің бұрынғы бас прокуроры Индира Жолдубаеваға қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі", – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі Индира Жолдубаева "жемқорлық" бабы бойынша күдіктеліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, күдіктінің 2013 жылы Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісіне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Индира Жолдубаева 2011-2015 жылдарда Қырғызстан президенті аппаратында сот реформасы бөлімінің меңгерушісі, 2015-2018 жылдары елдің бас прокуроры қызметтерін атқарған.

Еске сала кетейік, Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі бойынша Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев та айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel