Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орманда жоғалған азаматтың жүкті әйеліне жазған хаты жұрттың көңілін босатты

Опубликовано:

АҚШ-тың Монтана шататында Айдахомен шекаралас жатқан жабайы орманда жоғалып кеткен 25 жастағы жас жігіт табылды. Кейден Лага бес күн бойы жәндіктер мен жидектермен қоректенген деп хабарлайды usa.one сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: belnovosti.by
Фото: belnovosti.by: Facebook

25 жастағы Юта тұрғыны жанұясымен демалысқа барған уақытта Селвей-Биттеррут жабайы орманында жоғалып кетеді.

Бес күннен кейін жігіт құтқарушылардың лагерін тауып, аман қалады. Оның сөзінше, бұл бес күн өміріндегі ең ауыр кезеңдер болыпты. Бір күні түнде Кейден қатты суықтан өмірмен қош айтысамын деген ойға да шомған екен. Тіпті, сол уақытта ол өзінің жүкті жары Арденге хат та жазып та үлгерген.

"Мен жай ғана: Мен бұл жерден шыға алмайтын болсам, біліп жүр. Мен сені жақсы көремін. Мен сенімен өткізген өмірімді жақсы көрдім, сені жалғызбасты ана етіп қалдырғаным үшін өкінемін", - деген ол.

Жас жігіттің айтуынша, оның үстінен жүріп өткен тікұшақ басқа бағытқа қарай кеткен.

Кейден ауыз су ішіп, жәндіктер мен жидектер жеу арқылы аман қалған.

Жақында оның жұбайы Кейденді табуға көмектескен екі құтқарушы, Бреттпен және Робинмен түскен суретін желіде жариялады.

Ол күйеуімен бірге дүниеге әкелген балаларының есімін құтқарушылардың құрметіне атайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812427-ormanda-zogalgan-azamatty-zkti-jeline-zazgan-haty-zrtty-kilin-bosatty/

pixel