Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тальгодағы" зорлау оқиғасы: Жолсеріктерге шыққан үкім күшін жойды

Опубликовано:

Өткен жылдың қыркүйек айында "Тальгода" қыз зорлаған бұрынғы жолсеріктердің ісі прокуратураға қайтарылды. Сотталғандарға шыққан үкім өз күшін жойды деп хабарлайды "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz: Twitter

Қостанай облыстық соты жәбірленуші мен бас көлік прокуратурасының аппеляциясын қарастырды.

Сот жол берілген бірқатар бұзушылықтарға байланысты нәзік жандыны зорлағаны үшін сотталған Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязовқа қатысты бірінші сатыдағы үкімнің күшін жою туралы шешім қабылдады.

Сондықтан іс прокуратураға қайта жолданған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекеттерінің құрбаны болды.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонас тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовөз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812430-talgoda-zorlau-okigasy-zolserikterge-katysty-kim-ksin-zojdy/

pixel